Қазақстан студенттері Альянсының ХVII республикалық жастар слеті

2020 жылғы 6-7 қарашада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн-форматта Қазақстан студенттері Альянсының ХVII республикалық жастар слеті өтті.
Слет жиынына Еуразия гуманитарлық институты Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Н.Т. Тырнахан қатысса, институтымыздың белсенді студенттері Гаврилова Елизавета, Актаев Жандос, Байбатыр Мадина, Бейсембаева Гульден, Карим Ислам, Қажемқанова Диляра, Оспан Айтолқын, Шуханов Рустем, Ковальчук Яна, Салько Надежда  ZOOM платформасы арқылы белсенділік танытты.
Екі күндік слет барысында ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы ісі комитетінің төрағасы Ш. Байменов, ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Б.Нарбеков және тағы басқалары студенттердің көкейінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап беріп, ашық сұхбат алаңы болды.
Қазақстан студенттері Альянсының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған слет соңында «Ең үздік жастардың өзін-өзі басқару ұйымы», «Пікірсайыс турнирі» конкурстарының жеңімпаздары, «Қазақстан алтын жастары» арнайы сыйлығының лауреаттары және т.б. арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаталды.