Қазақстан тәуелсіздігі және Ел басы байқауы

Астана, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры мен Кітапханасы үш жыл бұрын Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын кеңінен таратуға негізделген «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты байқауын өткізді. Ол дәстүрге айналып, жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында баспа қызметкерлері мен электронды БАҚ үздіктері марапатталды.

Журналистерді  марапаттауға Дариға Назарбаева және  Қасымбеков Бақыт, Жұмабаев Қанат сынды  депутаттарымыз келіп,  қонақ болды. Cонымен қатар Еуразия гуманитарлық институтының студенттері ПМНОК-18-01 тобымен  педагогика кафедрасының  доценті Нығыманова  Нұрбану  Токеновна, тіркеу бөлімінің бастығы Байжуманова Қазына Темірбаевна және тіркеу бөлімінің әдіскері Сыздыкова Айнұр Сериковна барып марапаттау кешінің құрметті көрермендерінің  бірі болып қайтты.