ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы Университетінде өткен «ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ ЖАСТАР КӨЗІМЕН» атты ҮІІ Ғылыми апталығында 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚТӘ-14-01 тобының студенттері Аман Қарлығаш (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова) жүлделі ІІ орынды, Сәрсенбай Анар (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Н.Х. Шадиева) ІІІ орынды, Дәулетхан Құралай (ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Н.Х. Шадиева) ІІІ орынды иеленді. Барша жүлделі орын алған студенттер мен ғылыми жетекшілерін құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!