«Қазақстандағы Алғыс айту күні» кураторлық сағаты
2021 жылдың 26 ақпанында п.ғ. м., аға оқытушы М.С. Кардыбаева Алғыс айту күніне арналған «Қазақстандағы Алғыс айту күні» тақырыбында ИЯ-18-01, ИЯ-18-02 топтарында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат барысында «Қазақ халқына ризашылықпен» фильмі көрсетілді. Студенттер мерекенің тарихын талқылады, халықтардың Қазақстан жеріне қоныс аудару кезеңдері туралы айтып берді, бұл мереке Қазақстанның әрбір азаматы үшін маңызды екендігі туралы өз әсерлерімен және пікірлерімен бөлісті.