«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ I-ші РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАСЫ

2021 жылғы 26 қараша күні сағат 14.00 де онлайн форматта, Семей медициналық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Қазақстанның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша студенттерге арналған I Республикалық пәндік онлайн олимпиада өтті. Онлайн олимпиадаға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының барлық білім беру бағдарламалары бойынша 1-2 курс студенттері қатысты.

Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының Т-21-01 тобының «Тәуелсіз елдің жастары» командасы (Бериков Алиби, Рахимжанова Лаура, Султанова Сабина), Шоқатова А.Қ. жетекшілігімен, ІІІ орынға ие болды. Олимпиадаға қатысқан барлық студенттер «Қатысушы дипломымен» марапатталды.