«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ»

1 наурыз күні Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелерін зерделеу» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өткізді. Семинар жұмысын институт деканы ф.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ құттықтау сөзімен ашты. Кафедра профессоры, ф.ғ.д. С.Б. Жұмағұлов «Қасым Аманжолов поэзиясындағы ұлттық рух» тақырыбында баяндама жасап, «Алаш қайраткерлерінің еңбектеріне» кеңінен тоқталды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Қ.Қ. Сарекенова «Филология мамандығының ерекшеліктері» тақырыбы щеңберінде филолог мамандығының бүгінгі өзекті мәселелерін қозғады. Атаулы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Л.А. Серғазы «М.Әуезов пен І.Есенберлин шығармаларындағы тарихи тұлға» атты баяндамасында қазақ тарихынан ойып тұрып орын алатын «Хан Кене» жайлы жан-жақты мағлұмат берді. М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры, п.ғ.д. Н.Ж. Құрманның ««Қазақ академиялық жазуы» курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері», Астана Медицина университетінің доценті, ф.ғ.к. Қ.Т. Қайырбаеваның «Зергерлік әшекей атауларының символдық мәні» сынды тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды. Жиынға институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, кітапхана директорының орынбасары Н.Қ. Молдашева және «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттері қатысты.