Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының дәстүрлі көшпелі сабағы

2024 жылдың 1 қарашасында кафедра доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Р.А. Казинаның жетекшілігімен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері орыс тілі пәні аясында «Адам құқықтары және оларды қорғау» («Астана – қауіпсіз қала») тақырыбы бойынша Астана қаласы ПД ЖБО-да (Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында) көшпелі сабақ өткізді.
ЖБО-ға барған студенттер қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті сақтау жүйесімен танысты. Бұл сабақ ұмытылмас әсер қалдырды және еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың еңбегіне деген құрметті нығайтты.