Қазақ тілі оқытушылары халықаралық қауымдастығына мүшелік

2019 жылдың 18-19 қаңтарында Назарбаев университетінің және қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен «STEAM жүйесі бойынша тіл оқыту: технологиялар мен тәжірибе алмасу» атты отандық және шетелдік тәжірибелерге негізделген әдістемелік семинар-тренинг өткізілді. Семинарға қазақ және орыс филологиясы кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., доценттер Қ.А.Мамаділ, Л.Н.Дәуренбекова, п.ғ.к., доцент Н.Х.Шадиева,  ғылым магистрлері, аға оқытушылар А.Т.Сандыбаева, Г.С.Райнбекова мен А.Е.Алимбаев қатысып, қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығы мүшелігіне қабылданды.