«ҚАЗАҚ ТІЛІМ – ӨЗ ТІЛІМ, АНА ТІЛІМ, АБАЙ, МҰХТАР СӨЙЛЕГЕН ДАНА ТІЛІМ»

ҚР Премьер-Министрінің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұл күн – “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Осыған орай Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» атты тілдер мерекесіне арналған апталықтың ашылуы zoom платформасында өтті. Іс-шара шымылдығы оқушылардың тіл туралы жыр жолдарын оқумен ашылды. Мектеп директоры Айгүл Оңдағанқызы құттықтау сөз алып, онкүндіктің сәтті өтуіне ізгі тілегін білдірді. Іс-шараның құрметті қонақтары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, алаштанушы ғалым Қайырбек Ризабекұлы Кемеңгер, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі алаштанушы ғалым Сағымбай Ботпайұлы Жұмағұлов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, абайтанушы, «Абай нұры» клубы мен «Абайтану» ғылыми-орталығының жетекшісі Алмахан Мұхаметқалиқызы, Еуразия гуманитарлық институты Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ЕҰУ докторанты Әлімбаев Аслан Есімханұлы барша ұстаздар қауымын, оқушыларды құттықтап, өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.