Азаматтық қорғаныс бойынша студенттік командалардың жарыстары

Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымы IX Бас Ассамблеясының Резолюциясына сәйкес жылсайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтіледі. Қазіргі уақытта бұл ұйымға 50 ел кіреді, тағы 16 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие болып отыр.

Осыған байланысты, «Еуразия гуманитарлық институты» ЖБМ азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі деканатпен, жастар ісі жөніндегі комитетпен бірлесіп 2021 ж. 15 ақпанда азаматтық қорғаныс бойынша студенттік командалардың жарысын ұйымдастырды.

Ашылу салтанатына әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор С.С. Оспанов қатысты. Ол барлық қатысушыларды жарыстардың ашылуымен құттықтап, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнінің тарихын айтып, барлық қатысушыларға алдағы жарыста сәттілік тіледі.

Өткізілетін жарыстардың негізгі мақсаты – халықтың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру.

Төрешілер алқасы «Өрт сөндіру командасын шақыру», «Түтіндеу», «Зардап шегушіні құтқару», «Өртті сөндіруге дайындық», «Өрт сөндірушілер» сияқты бес кезеңнің әрқайсысында азаматтық қорғанысқа байланысты іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша командалардың жұмысын тексерді және қатаң бағалады.

Қорытындылай келе, жеңімпаздарды марапаттап, қатысушыларды жарыстың аяқталуымен құттықтай отырып, бас төреші, азаматтық қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бөлімінің бастығы М.Т. Жүсіпбеков бүгінгі таңда барлығы жеңімпаз екенін атап өтті. Сондай-ақ ол келесі жылы командалар өздерінің барлық қабілеттерін көрсететініне және жарыстар одан да қызықты, эмоционалды және әсерлі болатынына сенім білдірді.