«Азаттық пен қазақ егіз ұғым» атты  ғылыми-танымдық конференция

2020 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қарсаңында  т.ғ.к.,  доцент  Қ.Ш. Аубакированың және г.ғ.м. А.З. Еслямованың жетекшілігімен «Тұран»  тарих үйірмесі «Азаттық пен қазақ егіз ұғым» атты еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырды. Конференцияда Түркістан қаласындағы Туризм және меймандостық халықаралық университетінің студенттері Ракишова Жансұлу, Қайбулла Аружан, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мелекеттік университетінің студенттері Қарасай Балнұр, Ережеп Ақниет,  Астана халықаралық университетінің студенті Болат Мажит және т.б. тәуелсіздік жолындағы күреске арналған түрлі тақырыптағы баяндамалар жасады. Конференцияға әр түрлі жоғары оқу орындарының 60-қа жуық студенттері қатысып, өзара пікір алмасты.