Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының конференциясы

2021 жылғы 20 мамырда жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева «Асыл жүрек еріктілер клубы мысалында Еуразия гуманитарлық институтында инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдау» баяндамасымен Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Мектепке дейінгі білім беру: тәжірибе, мәселелер және даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясының пленарлық отырысына қатысты.

Конференция жемісті атмосферада жоғары деңгейде өтті. Конференция ұйымдастырушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарында табыс тілейміз!