Қазіргі Қазақстан. «Елбасының көшбасшылығының сабақтары» Жалпыреспубликалық ашық сабақ

2019 жылғы 29 қарашада Еуразия гуманитарлық институтының конференц залында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында «Қазіргі Қазақстан. «Елбасының көшбасшылығының сабақтары» тақырыбында жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті.

Осы іс-шараның лекторы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ғайыпов Зулфухар Сұлтанұлы қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы баға жетпес үлесі мен тарихи рөлі туралы айтып берді.

Салтанатты іс-шара институт студенттерінің шығармашылық концертімен аяқталды.