Бүкіл қалалық сенбілік

2015 жылғы қыркүйектің 19-ы күні Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы және студенттер бүкіл қалалық сенбілікке қатысты. Қаламызды қоқыстан арылту ісіне 400-ден астам адам шықты. Қаламыздың тазалығы үшін жиналған азаматтар бұл шарада аса үлкен белсенділік танытты. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші», осындай ұйымшылдықтың арқасында қаламыз қоқыстан тазарды. Сенбілікке үлес қосушылар белсене ат салысып, институт алаңы, көшелер, балалар ойнайтын алаң, тұрғын үйлер маңын, жолдарды қоқыстан тазартуға бәрі жұмыла кірісті.