«Бұрымды қыз» челленджі
Ағымдағы жылдың 13-20 наурыз аралығында Наурыз мейрамы қарсаңында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері «Бұрымды қыз» челленджіне қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу және студент жастарды ұлттық құндылықтармен таныстыру болды. Бір апта бойы студенттер ұлттық киім киіп, шаштарына зергерлік бұйымдар тағып, шаш тоқу нұсқаларын көрсетті. Соңғы күні челленджге белсенді қатысқан студенттер кафедра меңгерушісінің алғыс хаттарымен марапатталды.