Б.Т. Байжантаевтың тарихи-әдеби кеші
2025 жылдың 30 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері, педагогика және тарих кафедрасының оқытушысы К.Ш. Аубакирова, кітапхана қызметкері С.Н. Баракова Астана қаласы әкімдігінің No5 «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» балалар кітапханасында ақын, Шыңғыс хан атындағы дүниежүзілік академияның академигі Б.Т. Байжантаевтың тарихи-әдеби кешіне қатысты. Іс-шара барысында Б.Т. Байжантаев қатысушыларды «Көңілімнің кәусары», «Әулиетау» кітаптарымен таныстырды. Кездесуді Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы, доцент О.Ж. Бекмаганбетов дәріс оқумен жалғастырды. Іс-шара мәдениет үздігі Танабаев Нұрай мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мұратбек Хайролланың сөз сөйлеуімен аяқталды.