Балабақша және біз

Педагогика кафедрасының «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мамандығы бойынша ДОВСК-18-01 тобы 15 ақпанда психологиялық-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясын өткізді. Студенттер балабақшада атқарылған жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырды.

ЕАГИ кәсіптік практика және мансап жөніндегі үйлестіруші А.Т. Оспанова, практика жетекшісі Н.Ж. Болатбекова және кафедра оқытушылары А.Т. Аязбаева, С.М. Омарова қатысты. Конференция барысында студенттер іс-тәжірибелерімен бөлісті.