«Балалық шаққа заманауи көзқарас және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту векторлары» республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

2022 жылғы 2 желтоқсанда Л.Н. Гумилев ат. университетте педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.д. С.Н. Жиенбаеваның 60 жылдығына арналған «Балалық шаққа заманауи көзқарас және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту векторлары» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Қазақстан, Ресей, Моңғолия жоғары мектебінің өкілдері қатысты. Еуразия гуманитарлық институтының атынан педагогика кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Ныгыманова және кафедра доценттері Н.Ж. Болатбекова, И.А.Тобагабылова барды.

Семинар аясында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.