«Балдәурен» № 32 балабақшасындағы (кафедра филиалындағы) мастер-класс
Педагогика кафедрасының мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы бойынша «Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесі 2021 жылғы 24 қыркүйекте өзінің 2021-2022 оқу жылындағы бірінші отырысын №32 «Балдәурен» балабақшасында өткізді. «Балдәурен» балабақшасы кафедраның филиалы ретінде қызмет етеді. Ғылыми-әдістемелік үйірменің белсенді студент мүшелері, кафедраның оқытушылары (Н.Т. Ныгыманова, Н.Ж. Болатбекова, Ж.Е. Турманова, Г.Ж. Рахимжанова, А.О. Оқай және И.А. Тобагабылова) мен балабақшаның әкімшілігі үйірменің жұмыс жоспарын талқылап, бекітуге ұсынды. Сонымен қатар, балабақшаның озат тәрбиешісі Б.Қ. Сапаргужина мастер-класс ұйымдастырып, өзінің тәжірибесімен бөлісті.