«Балдәурен» балабақшасында «Тәуелсіздік таңы – мәңгілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2020 жылдың 14 желтоқсанында педагогика кафедрасының «Асыл қазына» ғылыми-әдістемелік үйірмесі және кафедра филиалы №32 «Балдәурен» балабақшасының ұйымдастырумен «Тәуелсіздік таңы –мәңгілік» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. ПМНОК -18-01 тобының студенттері іс-шараны әнұранмен бастап, Желтоқсан қаһармандарының ерлігін өлең шумақтарымен жеткізіп, тәуелсіздікке дейінгі халқымыздың жүріп өткен жолын бейнероликтен көрсетіп, азаттықтың ақ таңының қадірін айқындап берді.

МКҚК №32 «Балдәурен» балабақшасының педагогтері Г.С.Тілегенова, Т.Д. Қосыбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу», «Балалардың қазақ халқының мәдениетіне қызығушылығын арттыру» тақырыптарының маңызын ашып, іс–тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп жасына дейінгі балаларға  патриоттық тәрбие беру, тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, салт–дәстүрін бойына сіңірудің  түрлі жолдарына тоқталды. Іс–шара студенттердің Желтоқсан оқиғасына арналған әуезді әнімен қорытындыланды.