Баратова Айдын

Баратова Айдын («Педагогика және психология» мамандығы, 3-курс студенті): Алматы қаласы бала кезімнен бергі арманым еді, ал сол қалада ең беделді жоғары оқу орында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алу орындалмас арман болып көрінетін. Бірақ, армандар орындалады. Мен 2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде аталмыш оқу орнында білім алдым. Дәріс берген ұстаздарымыздың терең білімі мен оқыту әдістемесі маған болашақ маман ретінде қалыптасуыма үлкен үлес қосты. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – арманымның орындалуына апарар жол.