Бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті. Съезд жұмысына білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Еуразия гуманитарлық институтының атынан педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. к., профессор Н.Т. Нығыманова өкілдік етті.

Съезд жұмысы барысында бастауыш білім беру және оқыту жүйесін дамыту, бастауыш білім беру саласындағы мамандарды даярлау және т.б. мәселелер талқыланды, соңында осы тақырып бойынша пікір алмасылды.