Бейімделу бойынша тренинг
2022 жылғы 30 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтының психологы А.Н. Қабыл және мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен бос уақытты ұйымдастыру жөніндегі үйлестіруші, ИЯ-22-01 академиялық тобының студенті Т.Қ. Алшынбаева Студенттер үйінде тұратын студенттерге «Бірігу» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді. Тренингтің міндеті топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру, студенттер арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту болды. Тренингте алынған білім мен дағдылар студенттерге бір-бірімен тиімді қарым-қатынас жасауға және айналадағы адамдармен қарым-қатынастағы мәселелерді болдырмауға көмектеседі.