«Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2023 жылғы 11-12 қазанында Ақтөбе қаласында «Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ғалымдары қатысты. Конференция жұмысына Мәскеу, Волгоград, Уфа, Элиста, Астана, Алматы, Орынбор, Семей, Талдықорған, Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларының ғалымдары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері қатысты. Пленарлық отырыста «Әбілқайыр ханның қызметін зерттеудің заманауи тұжырымдамалары» тақырыбында А.Қ. Құсайынов  атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессоры С.А. Ескалиев баяндама жасады.