Біліктілікті арттыру курстары

2018 жылдың 24 қыркүйегінен 5 қазанына дейін шетел тілдері кафедрасының оқытушылары институт пен Қазақстан Аударма академиясының, сонымен бірге Кәсіби Аудармашылар Қауымдастығы мен Қазақстанның аудармашы компанияларының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүргізілген біліктілікті арттыру курстары аясында білім алды. Курстарды Қазақстан Аударма академиясының директоры Ақнұр Төлеубаева және «Гала Транслэйшнс» ЖК серіктестері Әлиева Күлшан мен Лоенко Анна жүргізді. Курс тыңдаушылары үшін аударма қызметі саласының жаңа жетістіктері көрсетілген практикалық мастер-кластар өткізілді. Курс аяқталған соң барлық тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.