Білім алу – рухани азық
Жоғары оқу орнында білім беру үдерісі ғылыммен үздіксіз байланысты екендігі белгілі. Еуразия гуманитарлық институтында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы – бұл жастардың ғылыми зерттеулерді жүргізуге формалды түрде қатысулары ғана емес, ол жаңа идеялар үшін құнарлы орта болып табылады.
Бұған жыл сайын өткізілетін ғылыми студенттік конференция дәлел бола алады. Биыл ЕАГИ конференцияға қатысушыларды 19-шы рет қарсы алды. Жылдар бойы өтіліп келе жатқан конференция (1998 жылдан бастап) ғылыми-білім беру үдерісінің бөлінбейтін, маңызды бөлшегі ғана болып қоймай, сонымен бірге Астана қаласында қатысушылар санының көптігімен ерекшеленетін студенттік іс-шара болып табылады.
17 наурызда «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2017» атты студенттер мен магистранттардың XIX Республикалық ғылыми конференциясы өтті.
Астана қаласының көптеген оқу орындарынан (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандық филиалы, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық қатынастар университеті, ЕАГИ колледжі, Политехникалық колледж және т.б.), сонымен бірге Алматы қаласынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен, Қарағанды экономикалық университетінен, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтынан, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Жәңгірхан атындағы Орал Батыс-Қазақстандық мемлекеттік университетінен білім алушы студенттер келді.