«Білім беру кеңістігіндегі тілдер мен мәдениеттердің өзара әрекеттестігі» атты халықаралық дөңгелек үстел.
2021 жылдың 1 сәуірінде «Zoom» платформасында халықаралық дөңгелек үстел өтті, оның бастамашысы Волгоград мемлекеттік аграрлық университеті болды.
Іс-шараның мақсаты посткеңестік кеңістіктегі мәдениеттер диалогы негізінде көпмәдениетті білім беру кеңістігін қалыптастыру болды.
Дөңгелек үстелде Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім беру үдерісінің мәселелерін, гуманитарлық цикл пәндерін оқыту практикасындағы мәдениетаралық коммуникация ерекшеліктерін, тілді оқытудағы түрлі тәсілдерді талқылады.
Біздің ЖОО атынан қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті Ж.Д. Маликова «Көптілді және көп мәдениетті ортада Қазақстан балаларының тілдері мен мәдениеттеріне оқыту» тақырыбында баяндама жасады.