«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар

Еуразия гуманитарлық институтында 2018 жылдың 15-17 қаңтар аралығында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар жұмысына институттың 22 оқытушысы қатысты. Семинарды «Назарбаев зияткерлік мектебі» ББАҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Нугербаев Төлеген Кәкімұлы ұйымдастырды және өткізді.