«БІЛІМ КӨКЖИЕГІ»

Қазақстандық және шетелдік білім беру мекемелерінің арасындағы білім, ғылым және инновациялық технологиялар саласында кәсіби қарым-қатынастарды нығайта түсу, сондай-ақ бакалавр, магистратура және Phd докторантура бағдарламалары бойынша білім алу, тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың 12 қазан күні Тәуелсіздік сарайында «Білім көкжиегі» атты білім көрмесі өтті. Көрмеге қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова, аға оқытушылар А.Т. Сандыбаева мен А.Е. Алимбаев және 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Қ.Қ. Медетбеков пен Н.Ә. Каринбаев қатысып келді.