Білім күніне арналған ЕАГИ митингі

2022 жылдың 1 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында білім күніне арналған митинг өтті. Іс-шараны институт ректоры, профессор А.Ж. Исмаилов құттықтау сөзімен ашты және барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, студенттерге оқу жолында табыс тіледі.

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша А. Ж. Исмаилов дипломдарды табыс етті:

«Жылдың үздік студенті – 2022» номинациясы бойынша

  1. Малютиной М. А. – Ф-19-01 академиялық тобының студентіне
  2. Ерден Е.Ә. – ИЯК-18-03 академиялық тобының студентіне
  3. Брюховой П. К. – ПП-19-01 академиялық тобының студентіне
  4. Абильдиой А.К. – ЮК-19-01 академиялық тобының студентіне.

«Жылдың үздік кураторы – 2022» номинациясы бойынша

  1. Райнбековой Г. С. – қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ҚТ-20-01 академиялық тобының кураторы
  2. Альжановой А. О. – шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, ПД-20-01 академиялық тобының кураторы
  3. Канафиной Г. А. – «Заң пәндері» кафедраның аға оқытушысы
  4. Дәулетхановой Ж. Д. – экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, ФК-21-01, Ф-20-01 академиялық топтарының кураторлары.

«Жылдың үздік оқу тобы – 2022» номинациясы бойынша

  1. ҚТ-19-01 оқу тобына (кураторы Алимбаев А.Е., старостасы Қойшығарина А.)
  2. ППҚ-19-01 оқу тобына (кураторы Аязбаева А.Т., старостасы Мансурова А.)
  3. ЮР-19-01 оқу тобына (кураторы Альмухамбетов Ж.Н., старостасы Баймурзинова Э. )
  4. Т-21-01 оқу тобына (кураторы Шокатова А.К., старостасы Султанова А.).

«Жылдың үздік старостасы» номинациясы бойынша

1.Баймурзиновой Э.Д., ЮР-19-01 тобының старостасына.

Сондай-ақ ректордың білім беру грантын тағайындау конкурсының келесі жеңімпаздары: Оразалина А.С. (тегін оқуға грант), Аскарова С.А. (оқу ақысын 50% жеңілдікпен төлеуге), Алшынбаева Т.Қ. (оқу ақысын 50% жеңілдікпен төлеуге), Амангелды Д. М. (оқу ақысын 25% жеңілдікпен төлеуге) марапатталды.

Институт оқытушылары мен студенттерін әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор, профессор С. С. Оспанов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. Ә. Ахметов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я. Н. Оспанова, институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т. Н. Кемайкина, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л. В. Волкова құттықтады.

«Жылдың үздік студенті – 2022» номинациясының жеңімпаздары, Студенттер Парламентінің Президенті Абильдина Әйгерім және ЕАГИ еріктілер орталығының үйлестірушісі Брюхова Полина бірінші курс студенттерін құттықтап, оқуда табыс, институттың қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенділік пен бастамашылдық тіледі.

ЕАГИ музыкалық жетекшісі дайындаған жарқын музыкалық нөмірлер осы іс-шараны безендірді.