Білім күніне арналған салтанатты іс-шара

2023 жылдың 1 қыркүйегінде А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында білім күніне арналған митинг өтті. Қатысушыларға институт ректоры, профессор А.Ж. Исмаилов құттықтау сөз сөйлеп, барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқытушыларға кәсіби жетістіктер, студенттерге оқу жолында табыс тіледі және студенттерді 2023-2024 оқу жылының бірінші семестріне ҚР Президентінің атаулы стипендияларының тағайындалуымен таныстырды. ҚР Президентінің стипендиясының иегерлері:

  1. Аскаров Д.К.- ПП-21-01 академиялық тобының студенті;
  2. Горленко В.Д.- ИЯ-20-01 академиялық тобының студенті;
  3. Мукушева Д.С.- ШТ-21-01 академиялық тобының студенті;
  4. Абдибекова Г.Б. – Ф-20-01 академиялық тобының студенті.

Сондай-ақ, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша А.Ж. Исмаилов дипломдар табыс етті:
«Жылдың үздік студенті-2023» номинациясы бойынша

  1. Аскаров Д. К., ПП-21-01 академиялық тобының студенті;
  2. Абдибекова Г. Б., Ф-20-01 академиялық тобының студенті;
  3. Акпишева А. С., ШТ-19-01 академиялық тобының студенті;

«Жылдың үздік кураторы – 2023» номинациясы бойынша

  1. Мажитова Б. Б., экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының доценті, Ф-22-01, ФТ-22-01, Ф-19-01 академиялық топтарының кураторы;
  2. Ергалиева А. Н., шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, ШТ-22-01 академиялық тобының кураторы;
  3. Тортаева А. Э., заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, ЮК-20-01 академиялық тобының кураторы;

«Жылдың үздік оқу тобы – 2023» номинациясында

  1. БО-21-01 академиялық тобына (куратор Кударова Н.А., староста Омарова А.А.);
  2. Қ-21-01 академиялық тобына (куратор Дәулетханова Ж.Д, староста Аманжолова А.Е.);
  3. ҚТ-20-01 академиялық тобына (куратор Райнбекова Г.С., староста Рахматулла Ж.Д.);
  4. ЮР-21-01 академиялық тобына (куратор Канафина Г.А., староста Кустаубаева Т.А.);

«Үздік жас оқытушы – 2023 жыл» номинациясы бойынша
Аманғазықызы Мөлдір, философия докторы (PhD), қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті;
«Жылдың үздік старостасы» номинациясы бойынша
Тілекқабылқызы Нұрай, Т-22-01 академиялық тобының старостасы.
Сондай-ақ ректордың білім беру грантын беру бойынша конкурстың жеңімпаздары марапатталды; олар: Жәркен Н. А. (тегін оқу гранты), Понамарев В.В. (оқу ақысына 50% жеңілдікпен оқу), Адай Ару (оқу ақысына 25% жеңілдікпен оқу).
Іс-шараның маңызды сәті институт негізін қалаушы А.Қ. Құсайыновтың мемориалдық тақтасына номинациялардың жеңімпаздарының гүл шоқтарын қоюы болды.
Институт оқытушылары мен студенттерін әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор, профессор С.С. Оспанов, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова, институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Н. Кемайкина, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В. Волкова, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н. Т. Нығыманова құттықтады.
«Жылдың үздік студенті-2023» номинациясының жеңімпаздары, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары Аскаров Дархан мен Мукушева Диана бірінші курс студенттерін студенттік өмірдің басталуымен құттықтап, оларға оқуда табыс, институттың қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенділік пен бастамашылық тіледі.
ЕАГИ музыкалық жетекшісі және ЕАГИ вокалдық студиясының жетекшісі дайындаған жарқын музыкалық нөмірлер осы іс-шараны әсерлендірді.