БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

2018 жылдың 14 наурыз күні Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының филиалы Астана қаласы Білім басқармасы № 68 орта мектебінде ашылды. Шара барасында білім ордаларының арасында меморандумға қол қойылды. Іс-шараны мектеп директоры Күнімбала Ізтілеуқызы Баяхметбаева құттықтау сөзімен ашты. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне кафедра доценті, филология ғылымдарының кандидаты Байтанасова Қарлығаш Медетқызы «Көркем мәтін құрылымын филологиялық талдау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.