«Бірге – біз командамыз» тренингі

2022 жылғы 5 қазанда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Ф-22-01 академиялық тобының кураторы Б.Б. Мажитова және Еуразия гуманитарлық институтының психологы А.Н. Қабыл Ф-22-01 академиялық тобының студенттеріне «Команда құру» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты топта қолайлы психологиялық ахуал туғызу, топта жұмыс істеудің оң дағдыларын меңгеру, өздері және жолдастары туралы жаңа нәрселерді білу болып табылды. Тренинг жақсы жағдайда өтті, студенттердің көңілінен шықты.