Бірінші курс студенттерін қабылдау

2019 жылдың 8 қарашасында «Жастар» сарайының концерт залында Еуразия гуманитарлық институтының бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов бірінші курс студенттерге білімнің шыңына жетуді, батыл ой-армандарын өмірде іске асыруды және тест сынақ кітапшаларына үзік бағалар қойылуын тіледі. Сондай-ақ, Қадыр Әбілжанұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Жоғары оқу орындары студенттерінің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының нәтижелері бойынша жүлделі орындар алған студенттерге дипломдар тапсырды.

II дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

Қосылбекова Акмарал – 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті. Ғылыми жетекшісы: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы;

Аубакирова Айгерім – 5В011900 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының студенті. Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, профессор Загатова Сәуле Базылқызы.

III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

Төребай Гүлдана – 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті. Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Шормақова Айжан Ботанқызы

Алғыс хатпен марапатталды:

Сайлау Айдана – 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті. Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы

Дәстүр бойынша бірінші курс студенттері жоғары курс студенттерінің нұсқауларын тыңдап, ант берді. Институт деканы, ф.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ оларға білім кілті мен студенттік билетті табыстады.

Концерттік бағдарламаның екінші бөлімінде EAГИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитетінің музыкалық, би және поэзиялық құттықтаулары: жүргізушілер, әншілер, «Аяла» би тобы, «Томирис» акапелла ансамблі, «Аққу» поэзия клубы, заманауи би студиясы және т.б. тыңдалды

ЕАГИ-дің бірінші курс студенттерін «Жастар» сарайының сахнасынан Қазақ ұлттық өнер университетінің «Мұра» вокалды-аспаптық ансамблі музыкалық тартумен құттықтады.

Біз жастарды студенттер қатарына ресми қабылдануымен тағы да құттықтаймыз, оларға мықты денсаулық пен адами қарым-қатынастың жылуын, бақыт, көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық табыс, күш-жігер, еңбекқорлық, қызықты қоғамдық, мәдени және ғылыми өмір тілейміз!