Бірінші курстарға арналған тренинг

Жаңа өмір жағдайына 1-курс студенттерінің бейімделулері бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аясында ЕАГИ еріктілерін даярлау жөніндегі орталықтың ерікті студенттері Руденко Юлия және Касап Ирина (ПМНО-15-01) тәрбие ісі жөніндегі проректор Оспанова Ярослава Николаевна мен педагогика ғылымдарының магистрі Оспанова Гүлім Серікқызының жетекшілігімен ПМНО-18-01 тобының студенттеріне арналған алғашқы тренинг өткізді.

Тренинг тиімді коммуникацияның дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Сабақ жайлы ортада өтті. Барлық студенттер ұсынылған жаттығуларды қызығушылықпен орындады. Тренингтің қатысушылары осындай іс-шараларға ары қарай қатысуға тілек білдірді.