Ректор

Ныгыманова Нұрбану Төкенқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

1999 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын бітірген. Педагогикалық қызметін 2004 жылы Еуразия гуманитарлық институтында аға оқытушы ретінде бастаған. 2011 жылы доцент, содан кейін профессор атағы берілді. Н.Т. Ныгыманова жоғары мектеп, бастауыш мектеп педагогикасы, педагогика және этнопедагогика тарихы мәселелері бойынша 60-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

2021 жылдан – А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының меңгерушісі. Н.Т. Ныгыманованың басшылығымен білім беру бағдарламалары үнемі жетілдіріліп отырады, Түркия, Өзбекстан, Ресей және т.б. университеттерімен халықаралық байланыстар жолға қойылған, сондай-ақ жұмыс берушілермен байланыс нығая түсуде.

Қазіргі уақытта А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ректоры міндетін атқарушы.

Н.Т. Ныгыманова институтты дамытудың басым бағыттарын және оның ұзақ мерзімді стратегиясын айқындайды, білім беру мен ғылыми қызметтің жоғары сапасын, инновацияларды енгізуді және ғылыми жобаларды қолдауды, халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және ЖОО имиджін ілгерілетуді, ресурстарды ұтымды бөлуді, оқыту үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз етеді.

Жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша жемісті ғылыми және педагогикалық еңбегі үшін Н.Т. Ныгыманова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынов медалімен марапатталды.