«Бірінші Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы АҚПАРАТ

2022 жылдың 9 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институтында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақ Білім академиясының академигі, қоғам қайраткері Амангелді Құсайыновты еске алуға және туғанына 80 жыл толуына арналған «Бірінші Құсайынов оқулары: «ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткiзілді.

Амангелді Құсайынұлы саналы ғұмырын еліміздің оқу-ағарту және ғылым саласына арнады. Өзінің еңбек еткен жылдарында көптеген дарынды басқарушылар, ізбасарлар мен ғалымдарды тәрбиеледі.

Жоғары мектептің ірі ұйымдастырушысы, белгілі ғалым, академик А.Қ. Құсайынов Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымының дамуына елеулі үлес қосқаны сөзсіз.

Конференция жұмысы келесі ғылыми бағыттар бойынша өтті: қазіргі жағдайда педагог кадрларды кәсіби даярлау, психология және педагогика: ХХІ ғасырдағы ғылымдардың интеграциясы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі даму тенденциялары: құндылықтар, үрдістер мен инновациялар, лингвистиканың, әдебиеттанудың және аударматанудың өзекті мәселелері, құқық және қазіргі экономика: дамудың жаңа сын-қатерлері мен перспективалары.

Конференция жұмысына Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Ресейден 200-ден астам ғалым қатысты (Астана, Алматы, Қарағанды, Болу, Бішкек, Мәскеу және т.б.).

Конференция А.Құсайынов туралы видеофильмін көрсетуден және «Абырой жолы» кітабының тұсау кесуімен басталды.

Пленарлық мәжілісте психология ғылымдарының кандидаты, профессор, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры А.Ж. Исмаилов; тарих ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қ.Ә. Ахметов; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г.І. Көбенова; экономика ғылымдарының докторы, профессор, Тұран университетінің ректоры Р.А. Алшанов (Алматы қ., Қазақстан); педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Сарыбеков (Тараз қ., Қазақстан); тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Күзембайұлы (Қостанай қ., Қазақстан); заң ғылымдарының докторы, профессор, Инновациялық Еуразия университетінің профессоры А.Ш. Хамзин (Павлодар қ., Қазақстан); тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің директоры Х.М. Әбжанов (Алматы қ., Қазақстан); «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ЖШС Бас директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Қамзабекұлы Дихан (Астана қ., Қазақстан); тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Қ.Е. Байзақова (Алматы қ., Қазақстан); тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Қ.Ә. Еңсенов (Астана қ., Қазақстан); Абант Иззет Байсал университетінің докторы Энвер Қапаған (Болу қ., Түркия); педагогика бойынша PhD философия докторы, Білім департаментінің директоры, ҰКП «Қырғызстан Халықаралық университеті» А.Т. Ибраева (Бішкек қ., Қырғызстан); тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті М.Ж. Әбдіров (Алматы қ., Қазақстан) сөз сөйледі.

Ректор А.Ж. Исмаилов Құрылтайшылар Кеңесі жиналысы шешімі бойынша Еуразия гуманитарлық институтына Амангелді ағамыздың аты берілгені туралы хабарлады және ғимараттың қабырғасына мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды.

ЕАГИ ұйымдастыру комитеті