«Бірінші сессияны сәтті тапсырайық!» тақырыбы бойынша кураторлық сағат

2022 жылғы 25 қарашада куратор И.А. Тобагабылова «Бірінші сессияны сәтті тапсырайық!» тақырыбында «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін (БО-22-01 академиялық тобы) кураторлық сағат өткізді. И.А. Тобағабылова қысқы емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері, осы кезеңдегі студенттер күні режимін ұйымдастыру тәсілдері туралы айтып, барлығына табыс тіледі.