Бітіруші курс студенттері болашақ мамандыққа дайын
5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының бітіруші курс студенттері (ПП-16-01 тобы) доцент Р.У. Накипбекованың жетекшілігімен «Педагогикалық инновациялар» пәні шеңберінде «Оқутудың заманауи инновациялық формалары, әдістер мен оқу құралдары» атты интерактивті семинар өтті, онда олар болашақ кәсіби қызметінде инновациялық әдістер мен оқу құралдарын қолдануға деген жоғары дайындықтарын көрсетті.
Семинарда студенттердің жұмыс топтарында дайындаған, өз бетінше жасалған және түсірілген «Инновациялық оқу құралдары», «Оқу веб-квест» және т.б. сабақтардың бейнероликтері ұсынылды. Семинар барысында бейнероликтер талқылау сындарлы диалог және жағымды эмоционалды көңіл-күй жағдайында өтті. Студенттер қойылған міндеттерді шығармашылықпен қысқа мерзім ішінде шеше алатындықтарын, коммуникацияның қазіргі заманғы техникалық құралдары мен компьютерді қолдана отырып, ақпаратты өңдеудің жақсы дағдыларын, командалық жұмысқа бейімділіктерін, болашақ кәсіби қызметінде оқытудың инновациялық әдістері мен құралдарын қолдануға дайын екендіктерін көрсетті.