Біз әдемі әлемді ашамыз…

2023 жылдың 11 сәуірінде Студенттік баспасөз орталығының жетекшісі, ШТ-22-01 тобының студенті (1 курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі”» білім беру бағдарламасы) Құламан Анель А.К. Құсайынов атындағы ЕАГИ мен Корей мәдени орталығының ынтымақтастығы аясында «Korean Shamanism GUT: Breath of the Spirit» фотокөрмесінің ашылуына қатысты. Бұл көрмеде алты корей фотографының, соның ішінде Ли Хангу мырза мен Ли Гючоль мырзаның 1970-ші жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін хронологиялық деректі жазбаларға ұқсас корейлік шамандық нанымдарды өз шығармаларында түсірген жұмыстары қойылған. Мұндай іс-шараларға қатысу эстетикалық талғамды қалыптастырады және жарқын эмоциялар береді.