Біз «ЕАГИ – жақсылық аумағы» дәстүрін жалғастырамыз.

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында Жастар ісі жөніндегі комитет, Студенттік Парламент, «Саналы Ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы және ЕАГИ еріктілер орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жиналған қаражат 2022 оқу жылының түлегі ЕАГИ студенті қазіргі уақытта жедел лимфобластикалық лейкемия диагнозымен күресіп жатқан Хабиев Ильястың анасына берілді. Институт қызметкерлері мен студенттері бей-жай қарай алмады және Ілияс тезірек сауығып кетеді деп үміттенеді.