Біз команда болуға үйренміз
1 қыркүйектен бастап бір ай ішінде «Тең-теңімен» әдісі бойынша институтта «1-курс студенттерін өмірдің жаңа жағдайларына бейімдеу бағдарламасы» өткізілді. Бұл бағдарлама тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова және еріктілер қозғалысының басшысы «Педагогика және психология» мамандығының 4-курс студенті Айжан Мәжит басшылығымен өткізілді. 7 қазанда ППК-15-01, ППК-15-02 оқу топтарында кезекті семинар-тренинг ұйымдастырылды.