«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» кураторлық сағаты

2022 жылғы 8 желтоқсанда куратор Б.Б. Мажитова «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында кураторлық сағат өткізді (Ф-19-01, Ф-22-01, ФТ-22-01 академиялық топтары). Кураторлық сағаттың мақсаты жас ұрпақты сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне теріс көзқарасқа баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды үйрету болды. Студенттер К. Смагул, М. Малютина, А. Токенов тақырыптық баяндамалар жасады.