«Біз — тәуелсіз елміз» атты 1001 мақал 101 жұмбақ сайысы.

2021 жылдың 17 желтоқсанында Евразия гуманитарлық институтының жатақханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Біз — тәуелсіз елміз» атты 1001 мақал 101 жұмбақ сайысы өткізілді.

Іс- шараның мақсаты — отанға деген патриоттық сезімін, азаматтық борышын, болашаққа деген жауапкершілікті жетілдіру. Іс-шараға әр мамандықтың 1,3,4 курс студенттері белсене атсалысты. Студенттер Тәуелсіздік тақырыбына байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, мақал-мәтел, жұмбақ жасырып және өз өнерлерімен бөлісті.

Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Осы іс- шараға қатысқан студенттердің шығармалары мен шеберліктеріне көрермендер жоғарғы сапа берді.