Біздің студенттеріміз «Квест» қызық оқиғалы ойынына қатысты

2016 жылдың 10 сәуірінде «Жастар Жалыны-2016» фестивалінің ең бір қызық номинациясы «Квест» қызық оқиғалы ойыны өтті.  Ойынға ЕАГИ-дің келесі студенттері қатысты:

  • Бирлес  Аблай ЮР-3-16
  • Салиев Нурсултан ЮР-3-16
  • Имангалиева Айым ППСК-3-3
  • Кайроллаева Зумрат ПДК-3-11
  • Айкулова Зарина ЮР-15-01

«Квест» жанрындағы ойынның маңызды элементтеріне әңгімелеу және әлемді зерттеу жатады, ал ойын үдерісінің негізі, ойыншыдан ой күшін талап ететін, жұмбақтарды, есептерді шешу болып табылады. «Жастар Жалыны-2016» студенттік фестивалінің аясында өткен «Квест» ойынының қиындығы қатысушылардың денені шынықтыру дайындықтарынан байқалды.

Біздің командамызға қиын есептерді шешу, кодтарды шешу, белгілі уақытта қойылған сұрақтарға жауап беру және Морзе әліппесін де оқу берілді. Командамыз өздерінің өте шаршағандықтарын, бірақ сонда да берілмей, қолдарын түсірмегендіктерін айтады (мысалы, кейбір командалар ары қарай қатысудан бас тартты). Тек қана ауызбіршілік пен өзара түсінушіліктің арқасында команда ойынның соңына дейін барды. Ойын өте қызықты, танымды болды және барлық қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлап, басқа жоғары оқу орындарынан жаңа таныс табуға мүмкіндік берді. Біздің студенттеріміз лидерлердің үштігіне кірмесе де, олардың басқа командалардан рухани бәсекелестік жағынан жеңілмегенін білеміз.