БІЗДІҢ ТҮЛЕК
Желтоқсанның 20-сы күні қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Астана қалалық жастар маслихаты депутаттығына үміткер, институтымыздың 2016 жылғы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлегі, Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебеиті пәнінің мұғалімі Рыхсиев Еркебұлан Нұрмаханұлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, студенттерге сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада бүгінгі таңдағы жастарға, мұғалімге қатысты өзекті мәселелер қамтылған.
Шара барсында Еркебұлан Нұрмаханұлы мұғалім мамандығының маңыздылығы туралы, бүгінгі қоғамдағы ұстаздың рөлі жайлы болашақ педагогтарға жан-жақты мағлұмат берді.