Бізге шабыт беретін адамдар
2019 жылдың 1 наурызында Жастар жылына арналған іс-шараларды жүзеге асыру аясында ПД-15-01 тобында «Бізге шабыт беретін адамдар» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Топ студенттері отандық және шетелдік шабыт беретін табысты адамдар туралы презентациялар мен баяндамалар дайындады: кинорежиссер Айсұлтан Сейітов, киім және зергерлік бұйымдар дизайнері Марциа Бизоньин, актриса Эмма Вотсон, Snapchat құрушы Эван Шпигель. Студенттердің ойынша, бұл адамдар еліктеу үшін үлгі болып табылады. Презентацияда үлкен қызығушылық пен белсенді талқылау болды.