«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» республикалық жастар акциясы

Еуразия гуманитарлық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері мен топ кураторы ф.ғ.м., аға оқытушы Сандыбаева Айгүл Талғатқызы 15 қыркүйек күні Астана қаласы «Бәйтерек» монументі алдында өткен «Рухани жаңғыру» республикалық жастар акциясының ашылуына қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын қолдау және ондағы міндеттерді жастар арасында насихаттау. Астана қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов акция мақсатымен таныстырып, еліміздің 15 өңірінде 22 қыркүйекке дейін жүргізілетінін айтып мәнін түсіндірді. Іс-шараны қолдап, өскелең ұрпаққа ісімен үлгі болып отырған олимпиада чемпиондары Данияр Елеусінов пен Гюзел Манюрова жастарды Елбасының бағдарламасын қолдауға шақырды.