«Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар-тренинг

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасының кітапханасында 20-21 қараша күні Еуразия гуманитарлық институтының ЖІК төрайымы Н.Т. Тырнаханмен институттан 25 студент «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар-тренингке қатысты. 2 күндік семинар-тренингке ЕАГИ студенттерімен бірге Қазылорда қаласы Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университет студенттері де белсенділік танытып, студенттер өзара достық қарым-қатынаста болды. Семинарда ф.ғ.д., профессор Ғ.Т. Телебаев пен тар.ғыл.кан. С.К. Бердіғұлова қазақ тобына дәріс берсе, пед.ғыл.кан., доцент К.С. Исинова мен К.А.Умбетова дәрәстерін өткізді. ҚР Ұлттық музейінде, ҚР ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының музейінде экскурсиялар жүргізілді. Семинар соңында қатысушыларға  сертификаттар мен естелік кітаптар табысталды.