Болашақ педагог-психологтар өздерінің практикалық дағдыларын жетілдіруде
«Педагогика және психология» мамандығының оқу жоспары және оқу бағдарламасы бойынша студенттердің өз тәжірибесін жетілдіру мақсатында арнайы орталықтарға барулары жоспарланған.
2016 жылдың 13 қазанында әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы А.Т. Аязбаева ППСК-4-3,4-4 топтары студенттерімен Астана қаласының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» барып өздерінің сабақ барысында алған білімдерін қолданып, теориялық және практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында студенттер балалардың жас ерекшелігіне сай тренингтер мен жаттығулар жүргізіп, балаларға кішігірім сыйлықтар таратты.
Қорыта айтсақ, студенттер балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, балалар тренинг барысындағы өз сезімдерімен бөлісіп, студенттерге алғыстарын білдірді.